Бокс
Кеше 21:54

Қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірген Аман Қонысбеков финалда өзбекпен айқасады

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Аман Қонысбеков Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бокстан 2026 жылғы Азия чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында қазақстандық былғары қолғап шебері Үндістан боксшысы Нираджбен қолғап түйістірді.

Аман Қонысбеков қарсыласына еш мүмкіндік бермей, бірінші раундта техникалық нокаутпен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық боксшы құрлық біріншілігінің финалына шығып, алтын үшін таласу мүмкіндігіне ие болды.

Финалда Аман Қонысбеков Өзбекстан өкілі Абдулазиз Абдулхамидов пен Қырғызстан боксшысы Алмаз Орозбеков арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport