Қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірген Ахмедов жекпе-жектен шеттелді
Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов (18-1, 14 КО) қатарынан екінші айқасын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов (18-1, 14 КО) қатарынан екінші айқасын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.
АҚШ-тың Монтебелло қаласында өткен Hollywood Fight Nights бокс кешінде өткен жекпе-жекте Ахмедов бірінші раундта мексикалық Пол Валенсуэланы (26-11, 17 КО) нокаутқа түсірді.
Бұл кездесуден кейін Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы (CSAC) екі боксшыны да жекпе-жектерден шеттеді: Ахмедов рингке 2021 жылдың 16 желтоқсанына дейін, ал мексикалық 2022 жылдың 24 қаңтарына дейін шыға алмайды.
Мұндай шара қалыпты жағдай және боксшылардың қалпына келуіне бағытталған медициналық сипатқа ие.
Жарнама