Қарсыласын берілуге мәжбүр етті. Қазақстандық жеті боксшы Сербиядағы халықаралық турнирді жеңістен бастады
Бокстан Қазақстан құрамасы Сербиядағы Belgrade Winner турниріндегі алғашқы жекпе-жектерін өткізді, командадағы сегіз боксшының жетеуі жеңіске жетті деп хабарлайды Vesti.kz.
Бокстан Қазақстан құрамасы Сербиядағы Belgrade Winner турниріндегі алғашқы жекпе-жектерін өткізді, командадағы сегіз боксшының жетеуі жеңіске жетті деп хабарлайды Vesti.kz.
52 келіде Сәкен Бибосынов франциялық Тео Тикуға еш мүмкіндік бермеді (5:0). 75 келіде Нұрқанат Райыс ресейлік боксшы Владислав Федуринді жеңді (5:0). Нұрбек Оралбай (81 келі) франциялық Рафаэль Монниден басым түсті (5:0). 2016 жылғы Олимпиаданың жүлдегері Василий Левит (91 келі), африкалық Мохамед Барриді мерзімінен бұрын жеңді, қарсылас екінші раундқа шықпады. Ертуған Зейнуллинов (63 келі) 4:1 есебімен франциялық Энцо Граудан басым болды. Абылайхан Жүсіпов (69 келі) және Нұрлан Сапарбай (91 келіден аса) да қарсыластарын осындай есеппен ұтты.
Ал Ермахан Жақпеков 75 келіде шотландиялық Сэму Хикниге (0:5) есе жіберді.
Еске салайық, турнир 28 сәуірге дейін жалғасады. Бибосынов, Жүсіпов және Левиттің Токио Олимпиадасына жолдамасы бар.
Жарнама