Әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай Болгарияда өтіп жатқан "Странж кубогы" халықаралық турнирінің екінші айналымына жекпе-жексіз өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Назым бірінші айқасында ресейлік Екатерина Пальцевамен жұдырықтасу керек болған, алайда, қарсылас рингке шықпады. Осылайша, қазақстандық боксшы ширек финалға өтті.
Айта кетейік, ерлер арасындағы турнирге қазақстандық 24 боксшы жарысқа келген, өкінішке қарай, төрт боксшымыз жарыс жолын аяқтады.