"Қарсыласы атақты...". Елеусіновтің менеджері қазақстандықтың карьерасындағы бірінші титулды жекпе-жегі туралы

30 желтоқсан 2019 15:59
© Matchroom
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) 2020 жылы кәсіпқой карьерасындағы бірінші титулды жекпе-жегін өткізеді. Ал қазақстандықтың қарсыласы атақты боксшы болды екен. Бұл туралы 28 жастағы қазақстандықтың менеджері Зия Алиев Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді. 

Өткен 12 айда Елеусінов төрт жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 

- Данияр титул үшін жұдырықтасып, ұйымдар рейтингіне кіреді. Келесі қарсыласы айтарлықтай мықты болады. Оның қарсыластар санатын әр жекпе-жек сайын көтеріп келеміз, - дейді Алиев. 

- Даниярдың қарсыласы белгіленіп қойған сияқты. Ол ТОП-70  немесе ТОП-50 тізімнен бола ма?
- Иә, бірнеше адам бар. Бұл тізімде көпшілік танитын боксшылар. Данияр бұған дйын болады деген ойдамыз. Кейде әлсіз қарсыласпен жекпе-жек әсерлі болмайды, ал мытырақ боксшымен қайта өршелене түседі.

Данияр осы санаттан - қарсылас мықты болған сайын, Данияр да күшейе түседі. Келесі жекпе-жегінде өзін таныта түседі деп ойлаймын, өйткені қарсыласы атақты деуге келер. Бұл титул үшін жекпе-жек. Даниярға рейтингтерге кіру қажет.