Қазір қазақ боксшы Лос-Анджелесте. Жаттығу лагері барысында Абылайхан жартылай орта салмақта бұрынғы WBC чемпионы америкалық Виктор Ортиспен (32-6-3, 25 КО) спарринг өткізді. Ортис 2008 жылы ESPN тұжырымы бойынша болашағынан ең зор үміт бар боксшы атанған.
Қазақстандық боксшы әлемнің бұрынғы чемпионымен бірге түскен суретін Instagram желісінде жариялап, "Ортиспен тамаша жаттығудан кейін" деп жазыпты.
Соңғы рет Құсайынов 5 шілде Алматыда армениялық Гарник Харутюнянмен жұдырықтасып, үшінші раундта нокаутпен жеңген.