Бокс
Бүгін 12:58
 

Қарсыластарын есеңгіретіп жатқан қазақ Өзбекстан үшін жүлде жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Қарсыластарын есеңгіретіп жатқан қазақ Өзбекстан үшін жүлде жеңіп алды ©Boxing Uzbekistan

Өзбекстан құрамасыныдағы қазақ боксшы Арман Маханов IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Өзбекстан құрамасыныдағы қазақ боксшы Арман Маханов IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Суперауыр, яғни 92 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі ширек финалда Маханов кубалық Алехандро Лопеспен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен айқын жеңіске жетті. Үшінші раундта өзбекстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсіріп, басымдығын толықтай бекітіп, кемі әлем чемпионатының қола жүлдесіне жетіп отыр.

1/4 финалға дейінгі жолда Маханов белорус боксшысы Владислав Смягликовты мерзімінен бұрын жеңіп, IBA-PRO командасының өкілі Крис Томпсонды нокаутқа түсірген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!