"Қарсыластарын асфальт етіп жайып жатыр, бірақ...". Сарапшы Головкин - "Канело" айқасына қатысты
Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) екі жекпе-жекте де Геннадий Головкиннен (41-1-1, 36 КО) жеңілді. Бұрынғы әлем чемпионы, ал қазір телекомментатор әрі бокс сарапшысы Рэй Манчини осындай пікір білдірді.

"Канело" ғаламат. Бұрын мен оған күмәнмен қарайтынмын, бірақ, ол мені өзінің жанкүйеріне айналдырды. Геннадий Головкинмен екі айқаста да жеңілді деп есептесем де. Иә, екіншісінде бәсекелестік көбірек болды.
Алайда мен қарымтада да Альварес жеңілді деп ойлаймын. Оларға үшінші айқас керек. Ал енді Головкин жеңеді деп ойламаймын. Ол қартайды, сирек жұдырықтасады. Ал "Канело" қазір қарсыластарын асфальт қылып жаюда", - деп береді Мачинидің сөзін vRINGe.com.
Жарнама