Бокс
19 қараша 2021 10:11
 

"Қарсыластар да қателеспеген екен". Мырзағали Айтжанов әлем чемпионатындағы тартыс жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Қарсыластар да қателеспеген екен". Мырзағали Айтжанов әлем чемпионатындағы тартыс жайлы ©ҚБФ

Бокстан әуесқойлар арасында Сербияда өткен әлем чемпионатынан кейін жүлде алған спортышлар мен бапкерлер федерация тарапынан марапатталды. Олардың арасында әлем чемпионы атанған Сәкен Бибосынов пен жеке бапкері Мырзағали Айтжанов бар. Кезінде ұлттық құрама тізгінін ұстаған білікті маман 2021 жылды қорытындылады.

blog.share

Бокстан әуесқойлар арасында Сербияда өткен әлем чемпионатынан кейін жүлде алған спортышлар мен бапкерлер федерация тарапынан марапатталды. Олардың арасында әлем чемпионы атанған Сәкен Бибосынов пен жеке бапкері Мырзағали Айтжанов бар. Кезінде ұлттық құрама тізгінін ұстаған білікті маман 2021 жылды қорытындылады.

"2021 жыл ауқымды болды. Бір жылда үш үлкен жарыс өту тарихта болмаған. Пандемияға байланысты Олимпиада ойындары биылға ауысқандықтан, тақ сандарда әлем чемпионаты мен Азия чемпионаты. Жұп сандарда Азия оындары мен Олимпиада ойындары болатын. Алайда бұл жолы жоғарыда айтып кеткенімдей, бір жылда үш халықаралық турнир болды. Спортшыға қатарынан үш жарыста бабында болу мүмкін емес. Жыл басында Азия чемпионатында Сәкен үшінші орын алды. Токиоға тыңғылықты дайындалып барып, бұйырғаны қола болды. Алтын аламыз деп барғанбыз. Өз салмағындағы әрбір қарсыласын зерттедік. Әр бәсекелесіне арнайы тактика қойып дайындалдық. Ал әлем чемпионатына Сәкен мүлдем бөлек боксшы болып барды. Неге десек, Олимпиада ойындарында мықты қарсыластармен өнер көрсетіп, бір бас жоғары өсіп келді. Күншығыс елінен келген соң өзіне деген сенімі арта түсті. Келешегі бар спортшылар Олимпиададан өседі. Токиодан келгенде әлем біріншілігіне бармай-ақ қояйық, демаласың ба дегенімде, жоқ ағай, кеткен есені қайтарамыз. Әлем чемпионатына барайық дегеніне қуандым. Ол жарысқа жәй бара салған жоқпыз. Тыңғылықты дайындалдық. Оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Әрбір берген тапсырманы бұлжытпай орындап отырды. Соның арқасында қателік жібермеді деп ойлаймын. Мен бокс әлемінде көптеген елдің өкілдерімен жақсы қарым-қатынастамын. Біз Белградтқа келгенде өзім жақсы араласатын Куба, Ресей, АҚШ, Англия елінің жаттықтырушылары маған шәкіртің чемпион болады деп айтып, қолымды алып жүрген. Олар да қателеспеген екен. Олар да болатын адамды көреді екен. Биылғы маусым біз үшін сәтті болды. Соның арқасында еңбегіміздің жемісін көріп жатырмыз", - дейді Айтжанов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Белградтағы әлем чемпионатында екі алтын, екі күміс және бір қола медаль еншілеп, жалпы есепте Кубадан кейін екінші орын иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!