Бокс
9 маусым 2021 20:44

"Қарсылас табу қиын". Сарапшы қазақстандық нокаутшыны суперауыр салмақтың қаупі деп атады

Сурет: universum tv©️

Суперауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкийге (15-0, 14 КО) қарсылас табу қиын. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында leifpm.co порталының шолушысы Лейф Хансман осындай пікір білдірді. Дегенмен оған карьерасы үшін америкалық нарықты бағындыру қажет. 

"Жан Кособуцкий - дивизиондағы жаңа қауіп. Ол Фрэнк Уорреннің көзіне түсті, ал ол анау-мынау боксшыларды таңдай бермейді. Дегенмен қазақстандықта бір қиындық бар. Оған қарсылас табу қиын. Егер бұрын оның тәжірибелі боксшылармен жұдырықтасуы қалыпты болса, қазір оған лайықты қарсылас қажет.

Кейінгі үш жылда Кособуцкий қарсыластарын сұлатып келеді. Мұндай серия кімді болсын ойландырады. Жанға атын шығару керек. Еуропада оған үлкен айқастар ұйымдастыру қиын. Америкалық нарыққа өту қажет. Сол жерде биікке шыға алады", - дейді Хансман.