Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Арман Әшімов кәсіпқой бокста алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Арман Алматыда өткен бокс кешінің кардында өнер көрсетіп, грузиялық Бухути Татиашвилимен жұдырықтасты.
Жартылай жеңіл салмақтағы айқас жоспарланған төрт раунд толық өтті, оның қорытындысы бойынша төреші жекпе-жек тең өтті деген шешім шығарды.