Боксшының сөзінше, Левит Екатеринбургте алтын алу керек еді.
"Осымен екінші рет: 2016 жылғы Олимпиадада осындай болды, енді - 2019 жылғы әлем чемпионатында. Адамдар бәрін көрді - бұрмаланған төрелік, мен солай есептеймін. Финалға шыққанда чемпионы болатын еді. Қарсылас болатын ресейлікті жеңетіні сөзсіз. Тағы да саясат араласты деген ойдамын. Вася мен үшін, халық үшін де чемпион", - деп атап өтті Ниязымбетов.