Биыл 76-рет өтіп жатқан Еуропаның ең көне бокс жарысы саналатын Странджа кубогінде бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай турниірдің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
92 келіден жоғары салмақта жұдырықтасатын Айбек ирландиялық Годстим Идемудиамен жекпе-жек өткізді.
Үш раунд қорытындысы бойынша, Айбек қарсыласынан анық басым болып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.Осылайша, Айбек кіші әлем чемпионаты аталатын беделді турнирдің жартылай финалына өтіп, кемі қола жүлде иеленіп отыр.