"Қарсылас көзіне қарадым да...". Әлімханұлы ертеңгі айқас алдында мәлімдеме жасады

©Top Rank

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 KO) қарсыласы Дензел Бентлимен (17-1-1, 14 KO), жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Көзбен жеп барады. Әлімханұлы 14 нокауты бар қарсыласпен бетпе-бет келді

"Бүгін қарсыласымның көзіне тік қарадым. Алайда от көрмедім! Ол алдында кім тұрғанын біледі. Қазақ стилін де не екенін жақсы біледі. Оны нокаутқа түсіремін, иншаАллах. Жекпе-жек алдында көп боксшылар ештеңе айтқысы келмейді. Ал мен басқамын - мен айтам және соны істеймін, иншаАллах!", - деп жазыпты Жәнібек Twitter желісінде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport