Қарсылас емес. ESPN Жәнібектің айқасы немен бітетінін жазды
ESPN сайты орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (15-0 10 КО) жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) болатын айқасын осы аптада өтетін ең жарқын жекпе-жектер тізіміне қосты.

Бұл айқас 13 шілде Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланған.
"Әлімханұлы - ESPN-нің орта салмақ рейтингінде бірінші және ол жарқын жеңіске жетуге тырысады. Жәнібекте орта салмақта үлкен табыс көруге жол ашатын атақты боксшылар жоқ. Әлімханұлы, отандасы Геннадий Головкин сияқты, осы салмақтағы өзге боксшылардан мүлде басқа деңгейде. Михайлович - Жәнібекке қарсылас емес, біздің болжам бойынша, бұл айқас нокаутпен бітеді", - деп жазыпты ESPN.com.
Жарнама