Карина Ибрагимова Азия чемпионатының алтын жүлдесіне таласады

©

Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Турнирдің жартылай финалында 57 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Ибрагимова Филиппин елінің өкілі Нести Петесиомен кездесті. 

Бұл айқаста отандасымыз 5:0 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды. 

Айта кетейік, бұған дейін шаршы алаңға шыққан Назым Қызайбай, Мәдина Нұршаева, Ләззат Күнгейбаева, Жазира Орақбаева қарсыластарынан жеңіліп, бокстан Азия біріншілігінің қола медалін иеленді. Ал Жайна Шекербекова мен Алуа Балқыбекова финалға шыққан болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport