Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) екінші орта салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы, мексикалық Сауль Канело Альвареске (63-3-2, 39 KO) үндеу жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұған дейін Әлімханұлы орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағынан бас тартып, енді екінші орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететінін мәлімдеген болатын.
Әлімханұлы Канелоны жекпе-жекке шақырды
"Канело, мен сенің салмағыңа көтерілдім! Екеуміздің арамызда шешілмеген мәселе бар", – деп жазды испан тілінде Әлімханұлы әлеуметтік желіде.

Канелоның келесі жекпе-жегі қашан өтеді?
Сауль Альварес рингке 2026 жылдың 12 қыркүйегінде Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында оралады. Оның қарсыласы франциялық Кристиан Мбилли (29-0-1, 24 KO) болады.
Бұл кездесуде Мбиллиге тиесілі WBC тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.
Мексикалық боксшы үшін бұл америкалық Теренс Кроуфордтан (41-0, 31 KO) жеңілгеннен кейінгі алғашқы жекпе-жек болмақ. Сол кездесуде Канело абсолют әлем чемпионы мәртебесінен айырылған еді.
Жарнама