Бокс
22 қыркүйек 09:42

Карьерасында алғаш рет тең түскен Садриддиннің келесі айқасы белгіленді

©instagram.com/sadriddin_____soq/

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 KO) келесі жекпе-жегін 21 қараша күні АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лонг-Бич қаласында өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz BoxRec.com сайтына сілтеме жасап.

Бұл айқас UFC Fight Pass ұйымдастыратын бокс кеші аясында өтеді. Қарсылас әзірге белгісіз.

Ахмедов үшін бұл рингке сәуір айынан бергі алғашқы оралу болмақ. Ол кезде Ахмедов АҚШ-тың Коммерс қаласында өткен кездесуде мексикалық боксшы Элиас Эспадаспен (23-7-1, 16 KO) тең түскен еді.

Осылайша, қарашадағы жекпе-жек Садриддин Ахмедовке жеңісті жолға қайта оралуға және кәсіпқой бокстағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport