auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Карьерасын өрге сүйрейді". Промуотер Жүкембаевтың "Канелоның" бұрынғы қарсыласымен жекпе-жегі жайлы

"Карьерасын өрге сүйрейді". Промуотер Жүкембаевтың "Канелоның" бұрынғы қарсыласымен жекпе-жегі жайлы
 © Eye of the Tiger Management
Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (16-0-0, 13 KO) күзде жартылай орта салмақта IBF ұйымының бұрынғы чемпионы мексикалық Мигель Васкеспен (41-8-0, 15 KO) жұдырықтасады. Промоутер және Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы президентінің кеңесшісі (ҚКБФ) Болат Манкенов Vesti.kz тілшісіне бұл жекпе-жектен не күтетінін айтты.

Манкенов бұл кездесуге болжам жасау қиын екенін, алайда, тамаша айқас күтетінін айтады. 

"Бұл мықты кездесу болады. Тамаша айқас күтемін. Басымдық кімде болатынын айту қиын, көрейік. Көріпкелдігім жоқ, кездесу немен аяқталарын болжай алмаймын. Батыр тактикалық жағынан жақсы қамданған, ол мықты қарсыластармен жұдырықтасқан және нокдаунға да түсіп көрген. Тәжірибесі жетерлік, Жүкембаевқа үлкен жекпе-жектерге шығатын кез келді. Бұл оның карьерасын өрге сүйрейді. Боксшылармыз осындай мықты проспектілермен жұдырықтаса бастағаны қуантады", - дейді промоутер. 

Бұл бокс кешінде Жүкембаевтан бөлек тағы үш қазақстандық боксшы өнер көрсетеді: орта салмақта Аман Қазанғапов (0-0-1), екінші орта дивизионда Нұрзат Сабыров (10-0-0, 9 KO) және бірінші орта салмақта жұдырықтасатын Садриддин Ахмедов (9-0-9, 8 KO). Жерлестеріміздің қарсыластары әзірге белгісіз. 

Ал MMA Plus сайтынынң сарапшысы Жүкембаев қарсыласын нокаутқа түсіреді деген болжам жасаған еді.



Еске салайық, Жүкембаев пен Васкес 26 қыркүйекте жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек Монреальда өтетін бокс кешінің басты оқиғасы болады. Биыл Жүкембаев екі жекпе-жек өткізді: наурызда төрешілер шешімімен мексикалық Жилберто Месаны жеңді, ал мамаырда өзге мексикалық боксшы Луис Хесус Видалесті бірінші раундта нокаутқа түсірді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама