"Карьерасын өрге сүйрейді". Промуотер Жүкембаевтың "Канелоның" бұрынғы қарсыласымен жекпе-жегі жайлы
© Eye of the Tiger Management
Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (16-0-0, 13 KO) күзде жартылай орта салмақта IBF ұйымының бұрынғы чемпионы мексикалық Мигель Васкеспен (41-8-0, 15 KO) жұдырықтасады. Промоутер және Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы президентінің кеңесшісі (ҚКБФ) Болат Манкенов Vesti.kz тілшісіне бұл жекпе-жектен не күтетінін айтты.
Манкенов бұл кездесуге болжам жасау қиын екенін, алайда, тамаша айқас күтетінін айтады.
"Бұл мықты кездесу болады. Тамаша айқас күтемін. Басымдық кімде болатынын айту қиын, көрейік. Көріпкелдігім жоқ, кездесу немен аяқталарын болжай алмаймын. Батыр тактикалық жағынан жақсы қамданған, ол мықты қарсыластармен жұдырықтасқан және нокдаунға да түсіп көрген. Тәжірибесі жетерлік, Жүкембаевқа үлкен жекпе-жектерге шығатын кез келді. Бұл оның карьерасын өрге сүйрейді. Боксшылармыз осындай мықты проспектілермен жұдырықтаса бастағаны қуантады", - дейді промоутер.
Бұл бокс кешінде Жүкембаевтан бөлек тағы үш қазақстандық боксшы өнер көрсетеді: орта салмақта Аман Қазанғапов (0-0-1), екінші орта дивизионда Нұрзат Сабыров (10-0-0, 9 KO) және бірінші орта салмақта жұдырықтасатын Садриддин Ахмедов (9-0-9, 8 KO). Жерлестеріміздің қарсыластары әзірге белгісіз.
Ал MMA Plus сайтынынң сарапшысы Жүкембаев қарсыласын нокаутқа түсіреді деген болжам жасаған еді.
Еске салайық, Жүкембаев пен Васкес 26 қыркүйекте жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек Монреальда өтетін бокс кешінің басты оқиғасы болады. Биыл Жүкембаев екі жекпе-жек өткізді: наурызда төрешілер шешімімен мексикалық Жилберто Месаны жеңді, ал мамаырда өзге мексикалық боксшы Луис Хесус Видалесті бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Жарнама