Карантин кезінде әйелді сабау видеонұсқауын жариялаған әлем чемпионы жазаланды

Сурет: iSport.ua
Британиялық боксты бақылау бойынша кеңес (BBBofC) екінші орта салмақта WBO чемпионы Билли Джо Сондерсті (29-0, 14 КО) шеттеті.

Бұған Сондерстің коронавирус пандемиясына байланысты карантин кезінде әйелдерді сабау бойынша видеонұсқау жариялағаны себеп болды. Кейін боксшы кешірім сұрады. 



Осылайша, Сондерстің боксшы лицензиясы тоқтатылылды. Енді оның ары қарайғы тағдыры кеңес отырысында шешіледі. 
Жаңалықтар