"Қара тышқан ақшамды бермеді". Белгілі блогер-боксшы Мейвезерге үндеу жасады

©USA TODAY SPORTS

Америкалық блогер әрі боксшы Логан Пол әлеуметтік желіде Флойд Мейвезермен өткен айқастан кейін Мейвезердің әлі күнге дейін гонорарын бермегенін жазды. 2021 жылы маусым айында болған блогер мен ешқашан жеңіліс көрмеген Флойд арасындағы жекпе-жек кешінде жеңімпаз анықталмаған еді.

"Кішкентай қара тышқан әлі күнге дейін ақшамды бермеді. Одан бері 6 ай өтті.

Бірақ KSI (британиялық рэп орындаушы) екеуміз бізден ұрлап кеткен есемізді қайтарамыз. 4 қаңтарда," - деп жазады Логан Пол twitter парақшасында.

Жекпе-жек алдында Пол берген сұхбатында аталмыш кездесу үшін 20 млн АҚШ долларын және көрсетілімнен түскен табыстың 10 пайызын алатынын айтқан. Флойд Мейвезер болса айқас үшін 10 млн және pay-per-view-ден түскен табыстың 50 пайызын алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар