Бокс
16 қаңтар 09:59
 

"Қара күші сұмдық". Бұрынғы чемпион соққысы ең ауыр боксшыны атады

  Пікірлер

blog.share

"Қара күші сұмдық". Бұрынғы чемпион соққысы ең ауыр боксшыны атады ©Rus.team

Ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы жаңа зеландиялық Джозеф Паркер (35-3, 23 КО) соққысы ең ауыр боксшыны атады. 

blog.share

Ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы жаңа зеландиялық Джозеф Паркер (35-3, 23 КО) соққысы ең ауыр боксшыны атады. 

Паркер тегі мексикалық Америка азаматы Энди Руисті (35-2-1, 22 КО) ерекшелеп өтті. 

"Мен Джойс, Уайт пен Чжилейдің соққыларынан құлағанмын. Бірақ мені рингте таңдандырған Руис болды. Оның сондай жылдамдықпен ұратыны мені есеңгіретіп тастады. Мен ес жиып үлгерме алмай жүрдім. Бұл соққылар өте ауыр болды. Мен атаған боксшылардың бәрінің қара күші сұмдық. Бірақ Руис бәрінен асып түседі". - деп береді Паркердің сөзін vRINGe.com. 


Джозеф карьерасында атақты чемпиондармен айқасқан

Паркер мен Руис 2016 жылы желтоқсанда жұдырықтасып, жаңа зеландиялық боксшы ұпай санымен жеңіске жетті де, суперауыр салмақта WBO чемпионы атанды. 

2018 жылы Паркер британиялық Энтони Джошуамен (28-4, 25 КО) жекпе-жекте титулынан айырылды. 

22 ақпан Сауд Арабиясында ол британиялық Дэниел Дюбуамен (22-2, 21 КО) IBF тиулы үшін айқасады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!