Мексикалық боксшы Хайме Мунгия (39-0, 31 КО) келесі айқасында Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) бұрынғы қарсыласы Дэниэл Джейкобспен (37-4, 30 КО) жұдырықтасатынға ұқсайды, деп жазады Boxing247.com Мунгияның бапкері Эрик Моралеске сілтеме жасап.
"Бұл аралық салмақта болады. Нақты қай дивизион екенін білмеймін, бірақ, айқас өтеді. Бұл өте ауыр жекпе-жек. Джейкобс - тамаша боксшы. Өткен айқасында жеңілді, алайда, бөтен аймақта және болмашы айырмашылықпен. Ол әлі де элитада. Фернандо Бельтран бұл кездесу белгіленіп қойғанын және 160 фунтта жұдырықтасатынымзды айтты", - дейді Моралес.
"Канелоның" ізбасары Жәнібек Әлімханұлын лақтырды