"Канелоның" ізбасары Головкинмен жекпе-жекке байланысты пікір білдірді

©DAZN

Бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық Хайме Мунгия (38-0, 30 KO) кезекті рет орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен  (41-1-1, 36 КО) кездесу өткізгісі келетіні туралы айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Егер таңдау менде болса, шынымен Геннадий Головкин немесе Риото Мурата мен GGG арасындағы айқастың жеңімпазымен кездесетін едім. Головкинмен айқас - менің карьерамдағы ең үлкен кездесу болатын еді. Геннадий - бокс әлемінде аты алысқа кеткен боксшы. Бұл мен үшін үлкен сынақ болады. Қазіргі уақытта мен 2018 жылы Неваданың атлетикалық штаты Головкинмен кездесу өткізуге мүмкіндік бермей қойғанын көп ойланып жүрмін. Ол кезде нағыз бабымда жүрдім. Дегенмен енді маған мүмкіндік береді деп сенемін. Кез-келген уақытта онымен жекпе-жек өткізуге дайынмын", - деді Мунгия DAZN-ға берген сұқбатында. 

Айта кетейік, Мунгия өзінің келесі кездесуін 19 ақпан күні Тихуанада (Мексикада) Plaza Monumental спорт кешенінде өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Димитриус Баллард (21-0-1, 13 КО) болады. 

Ал Голокин алдағы айқасын WBA белбеуінің иегері Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кездеседі. Бұл жекпе-жек сәуірде өтуі мүмкін. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport