"Канелоның" спарринг қарсыласы болған қазақ боксшысы АҚШ жеріндегі жаттығуын бастады

©Suleimen Promotions

Супер орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) АҚШ-қа ұшып барып, келесі кездесуіне дайындықты бастады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Ербосынұлы дайындық Лас-Вегас қаласында өткізуде. Ол туралы боксшының өзі Instagram парақшасында жариялады.

Еске салайық, 30 жастағы отандасымыз өзінің соңғы кездесуін 2021 жылдың қыркүйек айында өткізіп, гайаналық боксшы Леннокс Алленнен (22-2-1, 14 КО) айласын асырып, екінші орта салмақта WBA белбеуінің иегері кубалық Давид Моррелдің міндетті қарсыласы атанған болатын. 

Ал наурыз айында Ербосынұлы ресейлік Дмитрий Биволға дайындық кезінде мексикалық Сауль "Канело" Альварестің спарринг қарсыласы болды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport