Канелоның септігі тиді. Қазақстанның ең мықты кәсіпқойы чемпионмен айқасады

©instagram.com/adal_promotions

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) WBC ұйымының "уақытша" чемпионы доминиканалық Карлос Адамеспен (23-1, 18 КО) жекпе-жек көткізуі мүмкін. Мұндай пікірді Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында америкалық журналист Джек Маккаферри айтты.

"WBC-дің қазіргі чемпионы америкалық Джермалл Чарло (33-0, 22 KO) екінші орта дивизионда Сауль Канело Альвареспен (60-2-2, 39 КО) жекпе-жек өткізеді деп жоспарланып отыр. Бұл үшін WBC Чарлоның міндетті қорғауын кейінге шегермек. Ендеше оған дейін Нұрсұлтанов пен Адамес арасында үміткерлік айқас өткізу орынды болады", - дейді Маккафери. 

Айта кетейік, BoxRec порталының тұжырымы бойынша Нұрсұлтанов салмаққа қарамастан (Р4Р) Қазақстанның ең мықты боксшыларының рейтінгінде көш басына шыққан болатын. Осылайша, ол бұл рейтингте көптеген жыл көш бастап келген Головкинді алмастырды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар