"Канелоның" рингке қашан оралатыны белгілі болды

2 желтоқсан 2019 13:38
"Канело" Альварес. © boxingscene.com
Мексикалық боксшы Сауль Альварестің жаттықтырушысы Эдди Рейносо "Канело" рингке қашан оралатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Канело" мамырда қандай салмақ дәрежесінде жекпе-жекке шығатынын шешуге әлі біраз уақыт бар. Әлі бес ай бар. Оған 160 не 168 фунтта жұдырықтасу қиын емес. Біз DAZN және Golden Boy-мен сөйлесіп, қай қарсыластың келетінін шешеміз. Жекпе-жек анонсы 15 қаңтардан кейін шығады", - дейді Рейносо.

Айта кетейік, "Канеломен" жекпе-жекке шығуы мүмкін деген үміткердің бірі - қазақстандық боксшы Геннадий Головкин. Ол мексикалық боксшымен трилогия жасағысы келген. Олардың алғашқы жекпе-жегіндегі нәтиже бойынша тең түсіп, ал рематчта судьялар жеңісті мексикалыққа берген.