Канелоның промуотері Биволды жеңетін мексикалықты атады

Америкалық промоутер Оскар Де Ла Хойя ресейлік Дмитрий Бивол (24-1, 12 КО) және америкалық Дэвид Бенавидес (30-0, 24 КО) жекпе-жегіне қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Америкалық промоутер Оскар Де Ла Хойя ресейлік Дмитрий Бивол (24-1, 12 КО) және америкалық Дэвид Бенавидес (30-0, 24 КО) жекпе-жегіне қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Еске салайық, Бивол отандасы Артур Бетербиевпен (21-1, 20 КО) қарымта айқаста жеңіске жетіп, жартылай ауыр салмақта әлемнің абсолют чемпионы атанды.
Үш жақтан қыспаққа алды. Бивол бірнеше белбеуден айырылуы ықтимал
"Бивол мен Бенавидес? Бұл керемет айқас болады! Кім жеңетінін нақты айту қиын. Мен Бенавидес жеңеді деп ойлаймын, ойткені ол белсендірек, Бетербиевпен салыстырғанда көбірек соққы жасап, аяқпен қозғалады. Ол ақылдырақ және қарсыласқа икемделе алады. Иә, мен Бенавидес жеңеді деп бәс тігемін", - деп береді промоутердің сөзін Sport24.
Канело ресейліктен жеңілген, ал америкалықпен шықпай жүр
Тегі мексикалық Бенавидесті Сауль Канело Альварес үшін басты қауіп деп атайды, онымен айқастан бас тартып жүргендіктен көпшілік Канело одан жеңілуден қорқады деген ойда.
Ал Оскар Де Ла Хойя бір кездері Канелоның промоутері болған еді. Кейін мексикалық одан кетіп, қазір оның ісін бапкерлері жүргізеді. Ал 2022 жылы мамырда Канело Биволдан жеңілген болатын.
Жарнама