"Канелоның" промоутерлеріндегі қазақстандық боксшы "Зорромен" бетпе-бет келді

Руслан Мәдиев. Сурет: twitter.com/MarkEOrtega

Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев (13-1, 5 КО) "Зорро" лақап атты пуэрторикалық Даниэлито Зорильямен (14-0, 11 КО) жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Он раундты айқас 5 наурыз Пуэрто-Рикода өтеді. Бұл кездесуде бірінші жартылай орта салмақтағы WBO NABO титулы сарапқа салынады. 

Екі боксшы да 140 фунт (63,5 келі) лимитінен аспады - 139,6 фунт (63,32).

Сонымен қоса, қарсыластар алғаш рет бетпе-бет кездесіп, көз арбасты.