qx1mn4iSF0BCrZaoVEJ80Q6QFMGWvpqTqPpzhYoX
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Канелоның" промоутері Головкиннің жанкүйерін президенттік орнынан тықсырмақ

"Канелоның" промоутері Головкиннің жанкүйерін президенттік орнынан тықсырмақ
Геннадий Головкин және Дональд Трамп. YouTube желісіндегі видеодан алынған кадр
Алты салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы, қазір Golden Boy Promotions компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя АҚШ президенті сайлауына түспек. 

TMZ Sports мәліметі бойынша, промоутер 2020 жылғы президент сайлауына өзін ұсынып көрмек. Осылайша, ол жақында тағы да президент болғысы келетінін айтқан рэп орындаушы Канье Уэсттен үлгі алып отыр.

"Денім сау, үлкен салмақтылықпен мәлімдеймін, егер Канье Уест сайлауға түспек болса, маған да неге олай етпеске? Рас сөзім. Мұны шыныме қалаймын және бұған көптеген себебім бар. Мен алғашқы қадамдарымды жасап қойдым. Команда жинап жатырмын, зерттеу жүргіземіз, егжей-тегжейін талқылаймыз. Сол кезде мұның мәні бар-жоқтығын шешеміз. Егер жоғары рейтингтерге болжамымыз болса, әрине, бұған келісемін", - дейді Де Ла Хойя. 

Айта кетейік, АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп - боксты сүйеді және орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) жанкүйері. Трамп қазақстандық боксшының Нью-Йорктегі Madison Square Garden шаршы алаңындағы екі жекпе-жегін тамашалаған.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар