"Головкинге "Канеломен" жұдырықтасу құқы үшін қайта тер төгу керек. Саульде қазір онсыз да ұсыныс жетерлік, сондақтан GGG қажетті баспалдақтармен жоғарлау қажет. Егер солай етсе, "Канело" - GGG трилогиясы міндетті түрде боларына сенімдімін", - деп келтіреді Де Ла Хойяның сөзін Sports.ru порталы Boxingscene.com сайтына сілтеме жасап.
Айта кетейік, үшінші жекпе-жектен бас тартпай тұрған кезде Альварес пен Де Ла Хойя трилогияны қаласа, Головкин әлем чемпионы болу керек деп талап еткен.