Канелоның өзі қорқатын чемпионды Головкин дайындапты
Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) экс бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшының сол кезде 16 жаста болған Давид Бенавидеспен (28-0, 24 КО) спаррингтер өткізгені жайлы айтып берді, деп жазады Vesti.kz.
Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) экс бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшының сол кезде 16 жаста болған Давид Бенавидеспен (28-0, 24 КО) спаррингтер өткізгені жайлы айтып берді, деп жазады Vesti.kz.
Ол кезден бері 10 жыл өтіпті, қазір 26 жастағы америкалық екі дүркін әлем чемпионы және суперорта салмақта WBC ұйымынң "уақытша" чемпионы.
"Давид 16 жаста болғанда менің залымда жаттығып, Головкинмен спарринг өткізетін. Сол кезде GGG-мен спарринг өткізетін 20-25 жігіттің ішінде Бенавидес ең мықтысы болды. 16 жаста ғана болса да. Әрине Геннадий асып кетпейтін, ол спарринг серіктерін сақтайтын, оларға да жұмыс істетіп, өзі де жұмыс істейтін. Давид 16 жасында агрессив қана емес, Горовкинге күресуге тура келетін қасиеттерге де ие еді. Геннадийдің тәжірибесі мол болғаны сөзсіз, алайда Давид тұрақты түрде өсіп отырды. Әрбір бапкер боксшыдан осы қасиетті көргісі келетін болар - әр жекпе-жек сайын жақсаруды", - дейді Санчес Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Бенавидес екінші орта салмақтағы ең қауіпті боксшы саналады. Ал көптеген сарапшылар оның суперорта салмақтағы абсолют чемпион Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) үшін ең үлкен қатер деп есептейді.
Жарнама