Канелоның өзі "қорқатын" боксшы Альварес пен Жәнібек арасында таңдау жасады
Суперорта салмақта WBC ұйымының "уақытша" чемпионы америкалық Давид Бенавидес (28-0, 24 КО) 4 мамыр Лас-Вегаста өтетін Сауль Канело Альварес (60-2-2, 39 КО) пен Хайме Мунгия (43-0, 34 КО) арасындағы жекпе-жекті тамашалауға бармақ, деп жазады Vesti.kz.

Бенавидес Канеломен жекпе-жекке шыққысы келеді, сол үшін мексикалыққа барынша қысым жасауға тырысуда. Ал Альварес Давидпен айқас үшін тым қомақты қаржы талап етіп отыр.
Бұған дейін Бенавидесті орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) жекпе-жекке шақырған. Алайда америкалық боксшы қазақстандықтан гөрі, Канело - Мунгия айқасының жеңімпазымен жұдырықтасқанды жөн санайтын сияқты.
David Benavidez has told reporters that he is planning to attend Canelo Alvarez vs Jaime Munguia on May 4th.
— Michael Benson (@MichaelBensonn) April 8, 2024
Жарнама