Жарнама

Бокс
Бүгін 10:53
 

Канелоның өзі айналып қашатын боксшы атақты чемпионды нокаутқа түсірді

  Пікірлер

blog.share

Канелоның өзі айналып қашатын боксшы атақты чемпионды нокаутқа түсірді © instagram.com/benavidez300

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде америкалық Давид Бенавидес (32-0, 26 КО) пен мексикалық Хильберто Рамирес (48-2, 30 КО) айқасты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде америкалық Давид Бенавидес (32-0, 26 КО) пен мексикалық Хильберто Рамирес (48-2, 30 КО) айқасты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланғанымен, алтыншы раундта аяқталды. Рамирес тізерлеп отырып қалды да,  қалпына келе алмай, кездесуді жалғастыра алмады. Айта кетейік, мексикалық боксшы төртінші раундта нокдаунға түскен болатын.

Осылайша, Бенавидес бірінші ауыр салмақтағы дебютін сәтті өткізіп, Рамирестен WBA (Super) және WBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерді тартып алды.

Бұл жеңіс Бенавидестің карьерасындағы 32-ші, ал нокаутпен жеткен 26-шы жеңіс болды. Рамирес алғаш рет мерзімінен бұрын жеңіліс тапты (жалпы 48 жеңісі бар).

Айта кетейік, Бенавидесті тағы бір мексикалық жұлдыз - Сауль "Канело" Альварес үшін басты қауіп деп атайды. Сыбыстарға қарағанда, Сауль Давидпен рингте кездесуден қашқақтап жүр.
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!