Бокс
14 шілде 10:04

Канелоның командасындағы қазақ Альварес неге Әлімханұлымен айқаспайтынын айтты

©Коллаж: Offside.kz

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын Бек Нұрмағанбет досы Сауль Канело Альварестің не себепті қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке шықпай жүргенін түсіндірді, деп хабарлайды Vesti.kz Betonmobile порталына сілтеме жасап.

– Жәнібек Әлімханұлы біраз уақыттан бері Канелоны айқасқа шақырып жүр, алайда, мексикалық мұны көрмегендей кейіп танытады. Неге олай, қалай ойлайсыз?

- Кәсіпқой бокста барлық мәселені тек боксшылар шешпейді. Сондықтан Канело мен Жәнібек арасындағы жекпе-жек әлі күнге дейін өткен жоқ. Егер бұл кездесу әйтеу өтер болса, оның қалай өтетіні маған да өте қызық. Бірақ кім жеңеді деп нақты айта алмаймын. Екеуінің де өз артықшылықтары бар, - деді Нұрмағанбет.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы Канело Альваресті бірнеше рет ашық түрде жекпе-жекке шақырған. Алайда мексикалық боксшы тарапынан нақты жауап берілген жоқ. Бұған дейін Жәнібек бұл жекпе-жекте жай ғана жеңіске жетіп қоймай, Канелоны нокаутқа түсіретінін мәлімдеген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport