"Канелоның" келесі айқасының ресми постері шықты

Сурет: Path of Ex

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес ақпанда рингке оралады,- деп хабарлайды Vesti.kz.

27 ақпанда "Канело" WBC желісі бойынша міндетті қарсылас түркиялық Авни Йылдырыммен (21-2,1 2 КО) жұдырықтасады. DAZN бұл жекпе-жектің ресми постерін жариялады:

Мамырда мексикалық екінші орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерспен (30-0, 14 КО) айқасады. Ал жыл соңына дейін Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жекке шығады деп күтілуде.