Суперорта салмақта WBA титулына міндетті үміткер қазақстандық Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) белбеуді жеңіп алуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Боксшы мәлімдемені өзінің Instagram парақшасында жасады.
"Көшпенді өз белбеуіне бара жатыр", - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, боксшы бұған дейін суперорта салмақта әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (57-1-2, 39 КО) спарринг серіктесі болды. Қазіргі уақытта ол Алматы қаласында дайындық өткізуде. Тамызда АҚШ еліне барып, дайындықты пысықтайды.Сол кезде оның келесі қарсыласы да белгілі болып қалады.