"Канелоның" қазақстандық спарринг серігі IBF титулы үшін жекпе-жекке шығады

Бобиржан Моминов және Сауль Альварес. Сурет: instagram.com/bobirzhan_mominov

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Бобыржан Моминов (12-0, 8 КО) келесі жекпе-жегін 27 наурызда өткізеді,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы BoxRec сайтына сілтеме жасап.

Ол Екатеринбургте өтетін бокс кешінде рингке шығады. Он раундты кездесуде Моминовтың қарсыласы украиналық Эдуард Скавинский (13-0, 7 КО) болады. Бұл айқаста IBF Baltic белбеуі сарапқа салынады.

Еске салайық, былтыр қыркүйекте өткен кейінгі жекпе-жегінде қазақстандық IBF Eurasia титулын жеңіп алған.

Моминов 2017 жылы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (54-1-2, 36 КО) лагерінде болғанымен белгілі. Бобыржан ол кезде мексикалыққа Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) бірінші жекпе-жегіне дайындалуға көмектесіп, спарринг серігі болған.