"Канелоның" қазақстандық спарринг серігі Головкин кардындағы боксшымен жұдырықтаспайтын болды

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Бобыржан Момынов (12-0, 8 КО) амеркиалық Брайан Себальомен (12-0, 6 КО) жекпе-жек өткізбейтінге ұқсайды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында Бобыржанның өзі Instagram желісінде Себальомен 25 наурыз Пуэрто-Рикодағы бокс кешінде жұдырықтасатынын хабарлаған. Бұл ақпаратты кейін америкалықтың промоутері Том Леффлер растаған болатын. Алайда қазақстандық ол постты өшіріп тастады. Себебі, әзірге белгісіз. 

Кейінгі рет Момынов 2020 жылы 27 қыркүйек Қазан қаласында өткен бокс кешінде жұдырықтасып, ресейлік Вагинак Тамразянды (17-8, 5 КО) төрешілер шешімімен жеңген. Осы айқаста ол IBF Eurasia титулын иеленді. 

Сонымен қатар, Бобыржан мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (55-1-2, 37 КО)  спарринг серігі болғандығымен белгілі.