"Канелоның" жерлестерін тізе бүктірген қазақстандық боксшылар елге оралды

©Suleimen Promotions

Қазақстандық боксшылар Әбілхан Аманқұл (2-0, 2 КО), Бек Нұрмағанбет (8-0, 6 КО) және Евгений Павлов (8-0, 6 КО) кезекті жекпе-жектерінен кейін елге оралды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы Suleimen Promotions помоутерлік компаниясы Instagram желісінде хабарлады. Қазан айында боксшылар Мексикада жекпе-жектер өткізді. Павлов техникалық нокаутпен Хесус Гомес Кинтананы (11-8, 8 КО) жеңді, Бек мексикалық Лусиано Арауходан (6-6-3, 3 КО), ал Әбілхан жергілікті Йеассон Сервантестен (6-1, 3 КО) басым түсті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport