Өткен демалыста Сауль Канело Альварестің (62-2-2, 39 КО) америкалық Эдгар Берлангамен (22-1, 17 КО) жекпе-жекте үш титулын қорғап қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Тайсон атақты емес бірақ әлемде ең мықты боксшыны атады
Бокс кеші Лас-Вегаста өтті. Канелоның жеңісінен кейін америкалық Теренс Кроуфорд (41-0, 31 КО) мексикалықты жекпе-жекке шақырды. Теренс бұл айқасты Сауд Арабиясының Ойын-сауық істері бас басқармасының төрағасы Турки Әл аш-Шейхпен бірге тамашалаған еді.
"Турки, айтшы, Канеломен келесі айқаста кездесеміз деп", - деді Теренс функционерге.
"Иә, кеттік! Канело, алға! Біз дайынбыз!", - деп жауап берді ол.