Мексикалық былғары қоғап шебері Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) жекпе-жегі алдында дайындығын көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Кәсіпқой бокс кеші 17 қыркүйек күні Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.
"Сауль Альварес Геннадий Головкинмен өтетін айқасқа дайындалып жатыр", - деп жазылған видеоның астында.
Еске салайық, қос боксшы осыған дейін екі рет қолғап түйістірді. Біреуінде тең нәтиже тіркелсе, екіншісінде Альварес ұпай санымен жеңіске жетті.