"Канелоның" Головкинмен айқасты таңдауының шын себебі айтылды
Дмитрий Биволдың америкалық бапкері Джоэль Диас мексикалық Сауль "Канело" Альварес ресейлікпен қарымта орнына неге Геннадий Головкинмен трилогияны таңдағанын түсіндірді, деп хабарлайды Спорт-Экспресс.

"Канело" неге Бивол емес, Головкинмен жекпе-жекті таңдады? Өйткені ол үшін бұл жеңілірек айқас. Егер Дмитриймен қарымтаға шықса, қайта жеңіледі. Сондықтан бизнес тұрғысынан ол дұрыс қадам жасады, өйткені Головкиннің жасы келді. Осы себепті трилогияда Альварес жеңіске жететініне күмәнданбаймын.
Өйткені "Канело" қазір бабында, әлі де өз дивизионының патшасы. Ол айқын басымдықпен жеңетініне сенімдімін, - дейді маман Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында.
Жарнама