Суперауыр салмақтағы қазақстандық кәсіпқой Жан Кособуцкий (16-0, 15 КО) алдағы жекпе-жегіне дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мұның алдында боксшы желтоқсанда жұдырықтасуы мүмкін екенін айтқан. Айта кетейік, 32 жастағы қазақстандық боксшының ісін енді белгілі промоутер Ричард Шеферо жүргізетін болады. Probellum басшысы бұрын әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (56-1-2, 38 КО) жұмыс істеген.