Алты салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Оскар Де Ла Хойя сексуалдық қырындау бойынша айыпталды, деп хабарлайды allboxing.ru.
Сауль "Канело" Альварестің бұрынғы промоутеріне арыз берген өзінің иелігіндегі Casa Mexico Enterprises текила шығаратын компанияның қызметшісі екен.
"Екіжүзділік, шындық ешкімге керек емес". Головкин "Канеломен" айқастардың ақиқатын ашты
Әйел адамның сөзінше, Де Ла Хойя оған 2020 жылы екі рет тиіскен. Сонымен қоса, тағылған айыптар қатарында гендерлік кемсіту мен алаяқтық бар.
"Жаңалықтар тәулік бойы тоқтамай берілетін заманда қара ниетті және әділетсіз айыптаулар дәлелсіз шындық ретінде көрсетіледі. Менің заңгерлерім кінәсіз екенімді дәлелдеп, осы мәселені шешеді деп ойлаймын", - деді промоутер БАҚ өкілдеріне.