"Келісімге келейін деп тұрмыз. Әзірге нақты білмеймін, бірақ, тегі "Ч" әрпінен басталатын жігітпен жұдырықтасатын сияқтымыз.
Golden Boy Альвареспен жекпе-жек үшін Деревянченкоға Головкин бергеннің (5,2 миллион доллардай) жартысын да ұсынбады дегенге сенбеймін. Сергейдің кеңесшісі Кит Конноли мұндайды қабылдамас еді. Мұның шындық екеніне күмәнім бар.
Сергей - орта салмақта ресми емес әлем чемпионы, сондықтан ол белбеуді тағатын күн туады. "Канеломен" мұндай істеу қиындау. Оның үстіне Рокки Филдингтен тартып алған "регуляр" чемпионы белбеуі қоқыс қана, ол есептелмейді. Сондықтан біз нағыз титул жеңіп алғымыз келеді", - дейді Розье.