"Канелоның" бапкері суперауыр дивизиодағы 22 нокауты бар бұрынғы чепионды жаттықтырмақ

Сурет: Allboxing
Төрт салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (53-1-2, 36 КО) бапкері Эдди Рейносо суперауыр дивизионда жұдырықтасатын боксшы Энди Руисті жаттықтыруға келісті, - деп хабарлайды boxingnews24.com

"Руис сияқты харизмасы бар мексикалық боксшымен жұмыс істегім келеді. Бірақ ол тәртібін түзеу крек. Әлем чемпионы деңгейіне жеткен тәртіппен қиындықтарың болмайды", - дейді Рейносо.

Еске салайық, былтыр желтоқсанда Амеркиада өнер көрсететін тегі мексикалық боксшы Энди Руис (33-2, 22 КО) суперауыр дивизионда WBO, IBF, WBA және IBO титулдары үшін қарымта жекпе-жекте британиялық Энтони Джошуадан (23-1, 21 КО) жеңілген болатын. Осыдан кейін Руис қарымтаға сирек жаттығып, артық салмақ жинап алғанындықтан жеңілгенін ашық айтқан еді. 

"Ақталғым келмейді". Руис қарымтада Джошуадан жеңілу себебін ашық айтты