Бокс
22 сәуір 2022 09:21

"Канелоның" бапкері қазақ боксшылар туралы ойын айтты

©Allboxing

Сауль "Канело" Альварестің (57-1-2, 39 КО) бапкері Эдди Рейносо мексикалықтың жаттығу лагерінде болған қазақстандық боксшылар туралы ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канелоға" ресейлік Дмитрий Биволмен (19-0, 11 КО) айқасына дайындалуға Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) көмектесті. Сонымен қоса, мексикалықтың лагерінде тағы төрт қазақстандық болды. 

Әйгілі промоутер "Канело" үшін ең қауіпті қазақ боксшыны атады

"Suleimen Promotion компаниясындағы қазақстандық боксшылар өте талантты әрі жас жігіттер. Бәрінің әуесқойда тәжірибесі бар. Бізге Айдос Ербосынұлы, Евгений Павлов, Бек Нұрмағанбет, Данил Семенов, Абылайхан Жүсіпов пен Әбілхан Аманқұл келген болатын. 

Олардан жақсы кәсіпқой шығады. Бірнешеуі әлем чемпионы болатынын айта аламын. Бокс - спорттың өте бір ауыр түрі, ойлағандай бола бермейді. Бәрі чемпион бола алмайды. Бірақ мен осы жігіттердің қолынан келетініне сенемін. 

Біз мексикалықтар ретінде олардың лагерімізге келгеніне қуаныштымыз, мексикалық және қазақстандық бокс тәжірибесімен алмастық", - дейді маман. 

Бұл қазақтар чемпион боларына күмәнім жоқ - Сауль "Канело" Альварес

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport