Бокс
24 қазан 2019 10:15

"Канелоның" бапкері Головкинмен үшінші жекпе-жек уақыты жайлы айтты

© boxingscene.com
Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) және қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) марасындағы үшінші жекпе-жек келесі жылы мамырда өтуі мүмкін. Бұл туралы The Athletic порталының журналисті Лэнс Пагмайерге мексикалық боксшының бапкері Эдди Рейносо айтты.

"Рейонсо маған "Канелоның" мамырдағы жекпе-жегіне қарсылас ретінде бірнеше жігітті қарастырып жатқанын айтты, бұл тізімге ол Головкинді кіргізген. Сонымен бірге, ол Чарло мен Сондерсті де атады... Бапкердің сөзінше, "Канело" Ковалевті жеңген жағдайда Бетербиевпен де жұдырықтасуға қарсы емес", - деп жазыпты Пагмайер твиттер желісінде.